Қазақстан халқына Жолдау — 2024
Жолдау – еліміздің қарқынды түрде дамуына ықпалын тигізетіні мәлім. Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жариялған өз Жолдауында түрлі ұсыныстарымен бөлісті. Бұл халықтың түрмысын жақсарту мақсатында бірқатар мәселелер қаралып, олардың шешу жолдарын түсіндіріп берді. Жолдауда көптеген түрлі ұсыныстар мен тапсырмалар айтылды. Мысалы, салық жүйесін мұқият ойластыра отырып қайта жүктеу, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған шаралар топтамасын оңтайландыру, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі үшін қолжетімді несие беру, әділ әрі тиімді тариф саясатын жүргізу, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз ету. Аталған шаралар еліміздің бірқатар көркеюіне ықпалын тигізетініне сенімдіміз! «Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет», деп қадап айтты Мемлекет басшысы. Жалпы Жолдауда жаңалық көп. Енді оның бәрі жүзеге асуы үшін біздер жұмыс істеуіміз керек.
Сатбергенов Тасболат, Байдалы би а-о тұрғыны