Жолдау – еліміздің ертеңі
Жыл сайынғы дәстүрге сай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жолдауы еліміздің дамуына зор үлесін қосуда. Жолдауда бірқатар өзекті мәселелер қамтылып, түрлі ұсыныстарымен бөлісті. Қазіргі таңда еліміздің жастары Президенттің Жолдауын болашаққа сенім артып, экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың елдің дамуына оң әсер ететінін бағалайды. Әр жыл сайынғы Жолдау аясында айтылған іс пен берілген бағыт-бағдар жүзеге асатынына сенімдіміз. Мемлекет басшысы айтқандай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» үшін басты бағыт ол халқының тұрмыс тіршілігі мен әл ауқатының көтерілуі. Осы бағытта ауылда отырған ағайынның айналысатын шағын кәсіпкерлігіне қолдау жалғасын таппақ. Ол – Президент айтқандай, Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстан құру жолы. Біз осы алған бағытымыздан таймауымыз қажет.
Арыстан Ақниет, белсенді жас