Жолдау-дамудың даңғыл жолы

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы ел дамуының жаңа белестерін айқындайтын басты қадам. Президент бұл Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына қатысты бірқатар маңызды бағыттарды айқындап берді. Жолдауда көрсетілген реформалар мен бастамаларды қолдау – әрбір азаматтың, қоғамның және билік құрылымдарының ортақ міндеті. Сондай-ақ, қазіргі уақытта әділетті қоғам құруға аянбай, бірігіп атсалысуымыз қажет. Сонда ғана нәтиже көрсете аламыз. Және Жолдаудың тағы бір маңызды бағыты – экологиялық мәселелерді шешу мен тұрақты даму. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, жасыл экономикаға көшу және экологиялық стандарттарды енгізу сияқты шаралар еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл бастамаларды қолдап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру қоғамның әр мүшесінің міндеті болуы тиіс. Бұл әр азаматтың жауапкершілігінде деп білеміз. Жарқын болашаққа ұмтылу үшін, бір ел болып бірлігімізді көрсетіп, аянбай еңбек етуіміз маңызды.

Амина Алшыновна, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *