Жолдау – жарқын болашаққа қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы Жолдауы еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуында маңызды бағыттарды қамтиды. Жолдауда көптеген түрлі жаңа жобалар мен тапсырмалары қарқынды түрде жүзеге асуда. Және 102 заң қабылданғанын атап өтті. Бұл әділетті қоғам құруға бағытталған басты бағдар. Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету мемлекет үшін басымдық екенін атап өтті. Өсіп келе жатқан әлеуметтік шиеленіс жағдайында азаматтарды толғандыратын мәселелерге назар аударып, білім беру мен денсаулық сақтауға қолжетімділікті жақсартуға, халықтың ең осал топтарын, соның ішінде зейнеткерлерді, көп балалы отбасыларды және мүгедектерді қолдауға бағытталғанбірқатар бастамаларды ұсынды. Бұл Жолдау жарқын болашаққа үміт пен Қазақстанның дұрыс бағытта келе жатқанына сенімділік береді. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады.
Қуаныш Төлеутай, белсенді жас