Адал азамат — адал еңбек Мамандығы мақтанышы

Еркінай Төлеутайқызы Жолдыбаева 1966 жылы 21 наурыз күні Жаңаарқа ауданы, Алғабас ауылында дүниеге келген. Жезқазған педагогикалық институтында білім алып, 1989 жылы “Еңбек және жалпы техникалық пәндер” факультетін аяқтаған.
Еңбек жолын Мұқажан Жұмажанов ауылындағы Жаңаарқа ЖББ мектебінде бастаған жас маман еңбекпен шыңдалып, оқушыларға білгенін үйретуден жалыққан емес. Ұстаздықты  серік етіп ұлт болашағы балаларға тәлім бергеніне міне, 36 жыл болыпты. 1 санатты ұстаз. Еңбек жолымен бірге отбасын айрандай ұйытып отырған ұстаз төрт баланың анасы. Бала тәрбиесінің бағбаны болған Еркінай Төлеутайқызы немерелерінің ақ жүрек әжесі. Еңбек жолында Жаңаарқа Жаңаарқа білім беру мектебіне сіңірген еңбегі өте көп. Жас ұрпаққа білім мен тәрбиені сіңіре білген ұстаз марапаттан кенде емес. Аудандық білім бөлімінің мадақтама грамотасымен марапатталған. Еңбегіне қарай әр жыл сайын марапатталып отырған ұстаз шәкірттерінің алғысына кенелген жан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *