Жолдау – 2024: әділетті, әрі тұрақты қоғам құру мақсатымыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жолдауы ел дамуына ықпалын тигізетін жүзге жуық бастамаларымен келді. Бұл бастама болашағымызға бағыт ретінде көп мүмкіндіктерге жол ашады. Жолдаудың басты мақсаты – әділетті әрі тұрақты қоғам құруда аянбай еңбек ету. Сол себепті, тұрақты әлеуметтік-экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету, азаматтардың жасампаздық әлеуетін толық ашу және халықтың әл-ауқатын арттыру – мемлекеттің маңызды міндеті. Жолдауда айтылған жаңа салық кодексін қабылдау, көлік логистикасы, темір жол саласындағы жаңа тариф мәселесі, атом энергетикасының қажеттілігі, жасанды интелект, цифрландыру, табиғатты аялау, туризмді дамыту, су ресурстарын үнемдеу, кадрлық мәселе, грант, 2025 жұмысшы мамандықтар жылы, білім беруді жетілдіру, мемлекеттік тапсырыс, бұқаралық спортты дамыту, әлеуметтік мәселені арттыру, экономикалық ахуалды жетілдіру, мемлекеттік басқару, азаматтардың қаржылық сауатын көтеру өте орынды айтылған. Бұл айтылған шаралар Қазақ халқының әрбір азаматының көкейінде жүрген мәселені шешу жолында, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде көптеген жаңашылдықтың айқын көрсеткіші.

Жакиянова Жулдыз, Бидайық а-о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *