Бағыты мен болашағы айқын – Жолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жолдауы ел дамуына қатысты көптеген жаңашылдық алып келді. Экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар Жолдаудың негізгі мәселелері болып талқыланды. Жалпы, біздің ортақ мақсатымыз — экономикамызды нығайту, инновацияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын құру. Біз әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайту жолында жүйелі жұмыстар атқаруымыз керек. Сонымен қатар, біз жастар ретінде, инновациялар мен заманауи технологияларды дамытуға белсенді түрде қатысуға дайынбыз. Экономиканың әртараптандырылуы, шағын және орта бизнесті қолдау, жас кәсіпкерлерге жағдай жасау — еліміздің болашағы үшін маңызды қадамдар деп санаймыз. Бірлігіміздің арқасында экономикамыз қарқынды дамып, алда əлі талай мақсаттарымызға жететініміз анық.

Арыстан Ақниет, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *