Жолдау – 2024: ел дамуының стратегиясы

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақтан халқына жариялаған Жолдауы елдің дамуындағы ерекше бастамаларымен есте қалды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру мен денсаулық сақтау салаларына қатысты реформалар назардан тыс қалмады. Жолдауда оқытушылардың жалақысын арттыру, білім сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі басты тақырыпқа айналып отыр. Сапалы білім – елдің болашағын айқындайтын басты факторлардың бірі, сондықтан бұл саланы дамыту Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының кепілі болмақ. Сонымен қатар, жұмыссыздықпен күресу, әсіресе жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту мәселелері Жолдауда кеңінен қаралды. Еліміздің әрбір азаматы сапалы білім алуға және жұмыспен қамтылуға міндетті. Бұл қадамдар елдің болашақтағы дамуы үшін шешуші мәнге ие. Президентіміз өз Жолдауының қорытындысы ретінде ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады.

Қуаныш Төлеутай, журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *