Жолдау – 2024: болашаққа бағдар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған өз Жолдауы барша қазақ елінің назарын аударды. Әр жыл сайын өтетін Жолдау еліміздің дамуына ықпалын тигізетін жаңалықтарымен халықты қуантып, жігерлендіреді. Мемлекет басшысы басты назар аударған мәселелер, ақша-несие саясаты мен фискалды саясаттың арасындағы үйлесімсіздікті жою. Сонымен қатар, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсартуды, өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалануды, инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешуді, еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыруды және ұлт саулығын нығайту үшін кешенді шараларды қолға алуды жоспарлауда. Бұл кешенді шаралар еліміздің жарқын болашағына, одан әрі шыңдалуына зор ықпалын тигізетіні анық. Елбасы өз сөзінде айтып кеткендей: «Біз – берекелі бірліктің арқасында түрлі сынақтан сүрінбей өткен халықпыз. Алдағы уақытта да солай болмақ. Бәріміз бір ел болып, әділетті және дамыған Қазақстанды бірге құрайық. Сонда әркім өз елінің кірпіші болып қаланып, арман-мұратына жете алады». Бұл сөзі жалынды жастарға ең қажетті сөздер деп ойлаймын. Себебі, әрбір азаматтың жүрегінде еліне деген ерекше сүйіспеншілік болады. Бастысы сол сүйіспеншілікті жоғалтпау. Бәріміз бір қолдан, бір ел болып өз үлесіміздің қоссақ. болашақ ұрпақтарға керемет үлгі болатынымыз анық.

Жанар Даукараева, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *