Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. Жолдау – дамудың жаңаша жолы
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Биылғы жылы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты тақырыпқа арналды. Мемлекет басшысы негізгі бағыттармен қатар экономика секторын дамыту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлді.
Мемлекет басшысы Жолдауында «көп тұтынасың – көп төлейсің» қағидатына жіті тоқталды. Бұл идея коммуналдық ресурстарды тұтынудың нақты нормалары мен коммуналдық қызметтерді есептеу, төлеуге жаңа тәсілді енгізуді көздейді. Жалпы алғанда нормалар, су, электр, газ және жылу сияқты әртүрлі ресурсқа қатысты. Сонымен қатар экономикадағы күрмеуі қиын күрделі мәселелерді нақты ашып көрсетті. Экономиканың дамуына үлес қосатын әрбір сектор қамтылды. Несие жүйесі, банктердің экономикадағы обьективті үлесіне баса мән берді.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысының биылғы халыққа Жолдауы сүбелі мәселелерді көтерген, елдің үмітін оятқан маңызды жаңалыққа толы болды. Оны жүзеге асыру тек биліктің қолындағы іс емес, оған бәріміз жаппай атсалысуымыз керек. Мемлекет басшысы ұйытқы болған Әділетті Қазақстанды құру – өзіміздің қолымызда.
М.ИСКАКОВА,
С.Сейфуллин ауылдық үлгілі кітапханасының кітапханашысы