Газ баллондарын қолданудағы қауіпсіздік ережелері

Тұрмыстық газ және газқұрылғыларын қолдану кезінде барлық қауіпсіздік қолдану талаптарын орындауда өте сақ болғаңдарыңыз жөн. Газ құрылғыларын қолдану кезінде оқыс жайттарға тап болмас үшін ережелер мен ескертулерді сақтаңыздар! 
•Газ баллондары мен газ құрылғыларын ешқашан күмәнді тұлғалардан алмаңыздар;

Жыл сайын газ құрылғылары мен баллондарын мамандарға тексерту қажет;
•Газ плитасының кранын ашпас бұрын тұтанған сіріңке талшығын газ ұңғымасына жақындату қажет;
•Бөтен адамдар мен балалардың қолдары жетпес үшін, газ баллондарына арналған бөлек құрылыстар мен шкафтарға құлып орнатылып, желдету үшін жалюздер болуы керек;
•Газ құбырларына жіпті байлауға (бұрандамалы қосындыларының тығыздығы жойылып, газдың ағып кетуі, ал кейінен жарылуы мүмкін), және де жанып тұрған газ плитаның үстіне киімдерді кептіруге мүлдем тиым салынады ;
•Газ құрылғыларын қолдануға мектеп алды жастарындағы балаларды, қауіпсіз қолдану ережелерін білмейтін балаларды жақындатпау керек;
•Қысым тұрақтандырғышты тығыздау сақиналарынсыз және төсемелерді орнату қажет;
•Газ құрылғылары ақау берген кезде немесе газ иісі шыққан кезде дереу құрылғыны қолдануды тоқтатып, газ плитадағы крандарды бұрап баллондағы бұрағышты жауып, тез арада «104» авариялық қызметін шақырып, үй ішін толықтай желдету керек. Осы арада ашық отты қолданбай, электр құрылғылары мен электр жарықтарын өшіріп не болмаса жақпағандарыңыз абзал. Естеріңізде болсын. Үй немесе пәтер ішінде газ құрылғыларының ақаусыз істеуіне сіз жауаптысыз. Кез-келген газ құрылғысын сату кезінде қолданыс кезіндегі нұсқаулықпен жабдықталады. Тұрмыста қолданылатын газ баллондары мен құрылғылары өте тез жарылғыш, сондықтан құрылғыларды қолданар алдында өрт қауіпсіздік ережелерін орындау қажет екенін ұмытпаңыздар.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *