Президент Жолдауы – 2024

2 қыркүйекте Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы Жолдауын ұсынған болатын. Өз сөзінде ел басы мұғалімдердің рөлін ерекше атап өтіп, оларды «елдің интеллектуалды авангарды» деп атады. Сондай-ақ, талапты жастарды білім беру саласына тартудың маңыздылығын айтты. Қазіргі таңда ең бастысы денсаулыққа да баса назар аудару қажет. Мемлекет басшысы ұлт денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыру қажеттігін атап өтті. Міндетті медициналық сақтандыруды енгізу Денсаулық сақтау саласына қосымша ресурстар берді, бірақ қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қатысты мәселелер әлі де бар. Сонымен қатар, жеке инвестицияларды белсенді тартуға және медициналық білім беруді жақсартуға шақырады. Бұл Жолдау еліміздегі өзекті мәселелердің шешімін қарастыруға мүмкіндік деп білеміз. 2024 жылғы Жолдау тұрақты болашаққа қол жеткізу үшін білім беруді реформалау және еңбек құндылықтарын нығайтудың маңыздылығын айқындады.

Ардақ Ғалымқызы, Орынбай а-о тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *