Футболдан ашық турнир

Аудан жастары арасында ала доп тебушілерінің қатысуымен “Модуль” спорт кешенінде шағын футболдан жарыс өтті. Бұл жарыстың өтуіне мұрындық болған Ұлытау облыстық дене шынықтыру және спорт бөлімі. Айта кету керек жарысқа қолдаушы болып “KAMEDA” “Единый оператор грантов” компаниялары да демеушілік ете білді.
Бұл жарысқа аудан және ауылдық округтердің азаматтары өз бақтарын сынады. Турнирге он бір команда қатысып, жасыл алаңда өз шеберліктерін байқатты. Олар: “Ақтүбек”, “Ынтымақ”, “Жастар”, “Алаш”, “Аманат”, “Арлан”, “Бірлік”, “Залиния”, “Мстители”, “Амалбеков”, “Атасу 2” командалары болды. Ойын басталмас бұрын командалар сапқа тұрып, жеребе тарту рәсімін бастады.
Жарыстың қорытындысы бойынша І орынға “Арлан”, ІІ орынға, “Залиния”, ІІІ орынға “Атасу 2” командалары ие болды. Жарыста көрермен көзайымы болып ерекше ойынөрнегін көрсеткен спортшылармызда мақтаусыз қалмады.
Барлық футбол турнирі барысында көп гол салған Нұртөре Тілеуов “Үздік сұр мерген” атағына ие болды. Қорғаныс сапында біліктілікті көрсете білген Айбат Сундетулла “Үздік қорғаушы” марапатына ие болды.
Турнирдің ең жас ойыншысы және екі голдың авторы ретінде Әділбек Біржан “Үздік ойыншы” атағына ие болды. Ал “Үздік қақпашы” атағын Батырлан Сағатов өз қанжығасына байлады.
Жарыстың өтуіне атсалысқан “Turaqty Damu’’ жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ыдырыс Қозайдаровқа және турнир барысында бас төрешілік қызметін атқарған Темірлан Равиловке, ұйымдастырушылықтың басында жүрген Бексұлтан Мағрұпжан сияқты азаматтарға қатысушылардың алғысы шексіз. Бүгінгі ойында өздерін көрсеткен барлық қатысқан командаларға Алғыс хат пен сыйлықтар табыс етілді. Алдағы уақытта жасыл алаңда өткізілетін футбол жарысында
жерлестеріміздің биік тұғырдан көрінуіне сәттілік тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *