Аудан әкімі тұрғындармен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен тұрақты кездесулерін өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы № 826 Жарлығына сәйкес аудан әкімі Қанат Шубайұлының ауыл тұрғындарымен кезекті кездесуі бастау алған болатын.
Аудан әкімі Қанат Қожықаев Жаңаарқа ауданына қарасты Жомарт станциясы, 189 разьезд және Ералиев ауылдық округтердегі тұрғындарымен кездесіп, талап-тілектерін тыңдады. Алдағы күндері Жаңаарқа аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездеспек. Аудандық, ауыл аясында атқарылған жұмыстар, жаңаша бастау алған жобалар, үлкенді-кішілі мәселелер барлық сұрақтар осы кездесулерде өз жауабын тапты.
Күн тәртібіндегі басты талап барлық ауыл әкімдерінің 2024 жылы атқарған жұмыстары және де алда келе жатқан 2025 жылға қойған мақсаттарымен танысу болды.
Қазан айының 23- ші жұлдызында бастау алған кездесу Жомарт станциясының ауылындағы мектебіне жиналған ауыл тұрғындарымен жүздесуден басталды. Аудан әкімі Қанат Шубайұлы алдымен ауданда, оның ішінде ауылдық округте атқарылып жатқан және алдағы уақытта атқарылатын игілікті істерді атап өтті. Кездесуде жер мәселесі, тұрғын үйлерді зандастыру туралы мәселелер шешілмей тұрғанын ауыл халқы аудан әкіміне тіке айтты.
Аудан әкімінің ауыл халқымен кездесу іс-сапары 189 разьезд ауылында өтті. Бұл ауыл тұрғындарының басты мәселесі алдыңғы жылы жасаған су бекетін белгісіз біреулер келіп ашып кету салдарынан көп зардап шеккендері туралы болды. Ауыл тұрғындары өз тараптарынан аудан әкіміне осы мәселенің шешімі тез табылса екен деп қолқа салды. Себебі алда қаһары қатты қыс мезгілі келсе одан кейін көктем кезінде су басу қаупі туындауы мүмкін деп пікір білдіре кетті. Және жолдың екі торабында орналасқан 189 разьезд ауылы мен Ақбастау ауылын біріктіру туралы аудан әкімі өз ойын айта кетті. Ауыл игілігіне аударылып жатқан қаражатты үнемді пайдалану мақсатында екі ауыл аймағын бір тұтас қылып екі есе көмек көрсету тиімдірек болмақ, сондықтан бұл шаруаны да кейінге қалдырмай алдағы таңда өз шешімдеріңізді берулеріңізді сұраймын деді аудан әкімі.
Келесі кезек Жомарт және 189 разьезд ауылдары қарайтын Ералиев ауылына да жетті. Ералиев ауылдық оркугінің әкімі Жанбол Көпбосынов өз баяндамасын оқи отырып біршама айларда ауыл игілігіне жасалған жұмыстармен таныстыра өтті. Айта кетсек, Ералиев ауылындағы орталық көшелерінің жарық шамдарын орнату, жер мәселесі бойынша түсіндірме жұмыстары тағы да басқа жобаларды құлағдар ету басты назарда тұрғанын айта кетті. Ауылдық округ орталықтарында өткен кездесулерге тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Кездесу соңында жеке қабылдау өтіп, ауыл халқының тұрғындарын не мәселе мазалап жүргенін біліп, шешімін тез арада табуға көмектесетінін жеткізді. Республика күніне тұспа тұс келген бұл кездесулерде аудан әкімі ауыл халқына құттықтау айтып, жылы лебізін білдірді. Ауыл тұрғындары да өз тарапынан алғыс айтып шешілмеген сұрақтардың жауаптарын нақты алсақ және де жұмыстар атқарылса екен деген тілекте болды. Аудан басшысы кездесулерде көтерілген сауалдар мен өтініштердің барлығы заң аясында кезең-кезеңімен шешімін табатынын және әр сауал жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Қуаныш ТӨЛЕУТАЙ