Жолдау ел дамуын айқындайтын маңызды қадам
Жолдау – еліміздің дамуының жаңа бағыт бағдары деп білеміз. Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жариялған өз Жолдауында түрлі ұсыныстар айтылды. Бұл халықтың түрмысын жақсарту мақсатында, экономикалық жағынан дамуға көп пайдасы тигізетіні сөзсіз. Сонымен қатар, Жолдауда ақша-несие саясаты жайында айтылды. Қазір қаншама азаматтың мойнындағы қоғамдық дертке айналып отыр. Экономика өскен сайын әлеуметтік теңсіздік азайып, орта тап күшейе түсуі керек. Сонда ғана біз еліміздің әлеуетін күшейте аламыз. Мемлекет басшысы Банк туралы жаңа заң қажет екенін айтқан болатын. Бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстаса нәтижесі оң болары анық. Жалпы, Жолдаудағы негізгі бағыттар экономикалық даму, ғылым мен сапалы білім, экологиялық тұрақтылық және ұлттық бірлік пен қауіпсіздік. Осы Президент Жолдауы – Жаңа Қазақстанда әділетті қоғамды құруға бағытталған басты бағдар.
Аринов Ғани Ғабдуллаұлы, Түгіскен а-о тұрғыны