Жолдау — ұлтымыздың ұлы бағдары
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2 өыркүйек күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны баршамызға мәлім. 2024 жылда еліміздің экономикасы тұрақты даму жолында. Қазіргі таңда, экономикалық өсу деңгейі сақталып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Біз әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етіп, жұмыссыздықты азайту жолында жүйелі жұмыстар атқаруымыз керек. Мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, жастар ретінде, біз инновациялар мен заманауи технологияларды дамытуға белсенді түрде қатысуға дайынбыз. Экономиканың әртараптандырылуы, шағын және орта бизнесті қолдау, жас кәсіпкерлерге жағдай жасау — еліміздің болашағы үшін маңызды қадамдар деп санаймыз. Бізге жастарға жұмыс орындары мен даму мүмкіндіктерін көбейту, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету маңызды. Бірлігіміздің арқасында экономикамыз қарқынды дамып, жетілуі біздің қолымызда!
Арыстан Ақниет, белсенді жас