Жаңа Жолдау, Жаңа міндет
Жыл сайынғы дәстүрге сай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына жолдауында түрлі ұсыныстар мен мәселелерге тоқталған болатын. Жолдаудағы басты бағыттар мен алғышарттар көпшіліктің көңілінен шықты. Әр жыл сайынғы Жолдау аясында айтылған іс пен берілген бағыт-бағдар жүзеге асатынына көз жеткізді. Сондықтан, бұл Жолдаудағы айтылған он бағыттың барлығы көңілге қонымды. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» үшін басты бағыт ол халқының тұрмыс тіршілігі мен әл ауқатының көтерілуі. Осы бағытта ауылда отырған ағайынның айналысатын шағын кәсіпкерлігіне қолдау жалғасын таппақ. Болашақ түлектер ауылға ауадай қажетті механизатор, дәнекерлеуші мамандықтарын игерсе, күннен күнге кеңейіп келе жатқан ауданымыз бен ауылдарға жаңа үйлер мен ғимараттар салуға құрылысшылар, электриктар, сантехниктар керек. Мемлекет басшысы өз Жолдауының түйіні ретінде бірлік бар жерде тірлік барын еске салып, ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.
Аскарова Лаура
С.Сейфуллин а-о тұрғыны