ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 2024
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялаған болатын. Жолдаудағы айтылған ұсыныстар мен тапсырмалар жарқын болашағымыз үшін пайдасы мол болмақ. Себебі, жолдауда əлі де жаңашыл идеялар мен жаңа жобалар іске асырылуда. Сондай-ақ, Əділетті Қазақстан құруға қоғамдық тəртіптер мен заңдар күшейтілуде. Еліміздің əділетті болуы өзімізден басталады. Баршамызға мəлім елімізде жол-көлік апаттары, алаяқтық, т.б құқық бұзушылықтар жиілеп барады. Сол себепті, «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Бұл азаматтарымыздың құқығын қорғау мақсатта іске асырылып жатыр. Мемлекет басшысы осыған қатысты өз сөзінде «Менің басты міндетімнің бірі – Қазақстанды қауіпсіз әрі жайлы елге айналдыру» деген болатын. Сондықтан, еліміздің Əділетті, жемісті болуы баршамызға ортақ міндет.
Акниет Арыстан