Президент Жолдауы – 2024

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауымен сөз сөйледі. Президентіміз алдағы жұмыстың негізгі бағыттарына және жаңа міндеттерге тоқталды. Жолдауда ұлт денсаулығын нығайту және әлеуметтік қолдау жүйесін қайта жандандыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, мектептерде, жоғары оқу орындарында қаржылық және цифрлық сауат негіздерін үйрететін білім бағдарламасын енгізу қажеттігін айтқан еді. Бұл жұмыстар «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында пилоттық режимде басталды. Болашақта жастарымыз қаржылық сауаттылықты меңгеріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосатыны сөзсіз. Осы сияқты ауқымды жобалар елімізде оң өзгерістер алып келетініне сеніммен айта аламыз. Қазақстанымыз көркейіп, көк байрағымыз желбірей берсін!

Бейімбет Аманбайұлы Сарымсақов

Дәстүрлі әнші 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *