Қазақстан халқына Жолдау – ел дамуының жаңа бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты тақырыбында ел халқына Жолдауын жариялаған болатын. Бұл Жолдау осы жылда ең айрықша маңызды орын алып отыр. Көптеген жаңа тың идеялар мен түрлі ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ Жолдауда халықты алаңдатып отырған көптеген өзекті мәселелерге арнайы тоқталды. Оның ішінде интернет-алаяқтық, жол апаттары, әскердегі тәртіп, наркобизнеске қарсы күрес, медициналық сақтандыру жүйесінің кемшілігі, педагогикалық және медициналық кадрлардың тапшылығы, шағын және орта бизнес саласын шектен тыс мемлекеттік бақылау, ауыл шаруашылығы статистикасын бұрмалау сияқты түйткілдері бар. Қазақстан халқы қазір жаңа саяси жағдайда өмір сүруде. Соңғы 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Жалпы, осы Жолдау Қазақстанымызды одан әрі дамытуға оң әсерін тигізбек.

Қуаныш Төлеутай, журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *