Адал азамат — адал еңбек. Абыройлы абзал жан

Тоты Жаңабергенқызы Орманова 1971 жылы 10 қыркүйекте Жезқазған қаласы Жезді кентінде дүниеге келген. 1986 жылы орта мектебін аяқтап, Жезқазған қаласындағы медициналық колледждің “мейірбике” факультетін оқыған.
Еңбек жолын Жезқазған қалалық онкогинекология бөлімінде медбике болып бастаған. 1990 жылы тұрмыс құрып, Ақтүбек ауылына қоныс аударған. Сол уақыттан бері Ақтүбек дәрігерлік амбулаториясында еңбек етуде.
Отбасылы, үш баланың анасы, беделді маман, немере сүйген әже. Ауылдастары арасында құрметке бөленген ақ халатты абзал жанның еңбегіне табыс, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *