Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. Жолдау — ел дамуының негізі

2024 жылдың 2 қыркүйек күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына өзінің дәстүрлі алтыншы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жолдады.
Онда Парламенттің бір жылда атқарған жұмысына оң баға беріп, маңызды 102 заң қабылданғанын тілге тиек етті. Сонымен бірге алдағы уақыттарда атқарылуға тиісті жұмыстардың бағдарын көрсетті. Атап айтқанда: банктер туралы жаңа заң қабылдау; салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тарту; 6 қазанда АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өткізу; 2025 жылды жұмысшы “мамандықтар жылы” деп жариялау; темір жол саласына реформа жүргізу; жол жөндеу жұмысында инновациялық заманауи әдіс- тәсілдерді қолдану; әлеуметтік қолдауды шын мәнінде мұқтаж адамдарға көрсету мақсатында «Әлеуметтік әмиян» жобасын енгізу; 2025 жылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін тікелей сайлауға көшу; тазалық сақтамайтын «санасыздарды» заң бойынша жазалау; әскер қатарында заң мен тәртіпті қатаң сақтау.
Мемлекет басшысының нақты шешімін табатын ақша-несие саясаты, бизнесті жүргізуге қажетті жағдайларды жақсартуға, еліміздің өнеркәсіп саласын толық пайдалануға қатысты, кадрлық әлеуетті арттыруға, ұлт саулығын нығайтуға, экологиялық ахуалды жақсартуға, заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыруға орай айтылған ойларының бәрін де қуаттаймын. Тек сөз жүзінде қалып қоймай, осының бәрі жүзеге асып жатса, еліміз өркендей беретініне сенім мол! Президенттің әр бастамасы халқымыздың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Әрбір қазақстандықтың осы мақсатқа үлес қосуы маңызды! Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұр. Жолдау еліміздің жарқын болашағына сенім ұялатады!

Бексұлтан Абзалұлы ҚҰСАЙЫН,
Ынтымақ ауылдық округінің жас белсендісі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *