Мұғалімдер құрама командасы жеңіске жетті

Аудан мұғалімдерінен құралған құрама команда көптеген жетістіктерге жетуде. Команда мүшелері арасында волейболшы да, шахматшы да, теннисші де бар. 28 қыркүйек күні Жезқазған қаласында білім қызметкерлері арасында дәстүрлі облыстық спартакиада өткізілді. Ауданымыздыңмұғалімдер құрама командасы спорттың алты түрінен сайысқа түсті. Волейболдан, үстел теннисінен, тоғызқұмалақтан I орын, шахмат пен бес асықтан II орын, асық атудан III орын алып, жалпы командалық есепте I орынға ие болды. Шәкірттеріне білім нәрін сеуіп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстанып, спортшы ретінде үлгі болып жүрген ұстаздармыздың мақтанышпен айтатын жетістіктері көп. Дәріс беру күрделі іс болса да, қызығушылық ретінде бір ауық спортқа көңіл бөліп, спортта да жеңісті жолдар салуда. Әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз!

Айдын Өміртаев, Жаңаарқа ауданының білім бөлімінің әдіскері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *