«Заңға бағынбай, зардап шекті»

Жаңаарқа аудандық сотында Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346бабының 1-бөлігімен Т-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Т, Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық сотының 2021 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, 2024 жылғы 30 тамызда күндізгі уақытта мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ «R0» маркалы мотокөлігін Жаңаарқа ауданына қарасты көрші ауылдың көшесінде алкогольдік масаң күйде басқарған. Демек, сотталушы Т. бұрын сотпен көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, қайта автокөлікті алкогольдік масаң күйінде басқарып, қоғамға қауіп төндірген яғни жоғарыдағылардың негізінде сот Т-ны Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған аталған бап бойынша көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 6 (алты) ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Г.Н.Қасенова, Жаңаарқа аудандық сот әкімшісінің басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *