Жаңаарқа ауданының жұмыс берушілері мен жұмыс іздеуші азаматтарының назарына!

Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII ҚРЗ Әлеуметтік Кодексіне сәйкес «Алғашқы жұмыс орны», «Күміс жас жобасы», «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар тәжірибесі», «Қоғамдық жұмыстары» бағдарламаларын ұйымдастыру үшін Жаңаарқа ауданы бойынша «Мансап орталығы» филиалы 2025 жылға өтінімдер қабылдайды.
Өтінімдерді ағымдағы жылдың 1 қазан – 31 қазан аралығында электрондық еңбек биржасы (Еnbek.kz) порталы арқылы тапсыру қажет. Қоғамдық жұмыс халықты жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын, жұмыскердiң алдын ала кәсiптік даярлаудан өтуiн талап етпейтiн, олардың уақытша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету үшiн әлеуметтiк пайдалы бағыттағы еңбек қызметiнiң түрi. Қоғамдық жұмыстардың ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімді құрайды.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың жалақы мөлшерін экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанды, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде 20 (жиырма) АЕК (айлық есептік көрсеткіштен) төмен емес.
Жастар практикасы алған кәсіп (мамандық) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында техникалық және кәсіптік, ортадан кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері жүзеге асыратын еңбек қызметінің түрі.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 5 жыл ішінде оқуын аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
Жалақының бір айдағы мөлшері экологиялық үстемақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде кемінде 30 (отыз) АЕК (айлық есептік көрсеткіш) құрайды.
Әлеуметтік жұмыс орны еңбекақысын субсидиялау арқылы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін халықты жұмыспен қамту орталығымен шарт негізде жұмыс беруші ашатын жұмыс орны. Ашылатын жұмыс орындары ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайы зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда болмауы тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша сипатқа ие болады. Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды. Мансап орталығы жұмыс беруші ұсынған мәліметтерге сәйкес белгілеген жалақының 35% есебімен жалақының ең төменгі мөлшерінен аспайтын, нақты орындаған жұмыс уақытына бір адамға төлейді, қалған 65 % жұмыс беруші бір адамға жұмыс істеген толық айына төлейді және жұмыс беруші салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды ай сайын уақытылы аударып тұрады. Күміс жас жобасына зейнеткерлік жасқа толмаған, 50 жастан асқан жұмыссыз адамдарды жұмысқа орналастыру үшін құратын еңбекақысы субсидияланатын жұмыс орны болып табылады. Жұмыстың ұзақтығы 36 айдан аспайды, жоба аяқталғаннан кейін қатысушыға зейнетке шыққанға дейін тұрақты жұмыс орны беріледі.
Күміс жас жобасы шеңберінде жұмысқа орналасқан адамдар үшін субсидияның ай сайынғы мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде:
1)Қатысудың бірінші 12 (он екі) айында жалақы мөлшерінің 70% -ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды.

2)Қатысудың 13 (он үшінші) айынан бастап 24 (жиырма төрт) айына дейін жалақы мөлшерінің 65 %-ын құрайды, бірақ 30 (отыз) АЕК-тен аспайды; 3)Қатысудың 25 (жиырма бес) айынан бастап 36 (отыз алтыншы) айына дейін жалақы мөлшерінің 60 %-ын құрайды, бірақ 30
(отыз) АЕК-тен аспайды; Аталған бағдарламаларға қатысам деген жұмыс берушілер (жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иелері, бөлім, мемлекеттік мекемелер) және жұмыссыздар төмендегі мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз.

«Мансап орталығы» филиалы, тәуелсіздік даңғылы 5.
тел: 2-68-64, 2-80-40, эл.мекен-жай: janaarka_centr@mail.ru.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *