Жаңа Жолдау – жаңа бағыт

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы жылда Қазақстан халқына Жолдауын жариялағаны баршамызға мәлім. Жолдаудағы айтылған әртүрлі басым-бағыттар жұртшылықты назардан тыс қалдырмады. Жүзге жуық бастама мен түрлі тапсырмалар Қазақстанымызға оң әсерін беретіні сөзсіз. Әр жыл сайын еліміз экономика жағынан, әр салада даму үстінде. Бұл жыл одан да маңызды болмақ. Себебі, Мемлекет басшысы қоғамдағы заң мен тәртіпті күшейту, көлік инфрақұрылымын жаңғырту, білікті мамандар даярлау, жасанды интеллектіні дамыту және жаппай цифрландыру, азаматтардың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етуге баса назар аударды. Және халықтың тұрмысын жақсартатын түрлі жобалар әзірленуде. Мұның бәрі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын орнықтыруға ықпал ететіні анық. Жолдауының түйіні ретінде бірлік бар жерде тірлік барын еске салып, ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады.

Бексұлтан Мағрұпжан, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *