Президент Жолдауы – еліміздің болашағы

2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Əділетті Қазақстан: құқық тəртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда халықтың көкейінде жүрген бірқатар мəселелерге тоқталды. Қазақстан азаматтарының тұрмыстық ахуалын арттыруды көздеген әлеуметтік шаралар жасау тұрғысында мақсаттар белгіленіп, басты назарды азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі екені нақты айтылған болатын. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Қазіргі уақытта азаматтардың бойында жаңа әдеттер, дағдылар қалыптасып, жаңа құндылықтар орнығуда. Саяси және қоғамдық болмысымыз, менталитетіміз және мәдени кодымыз өзгере бастады. Сондықтан, еліміздің жарқын болашағы әрбір азаматтардың қолында. Барлығымыз ортақ мақсатта бірігіп, өз үлесімізді қосу арқылы талай биіктерден көрінуге септігін тигізеді.

Еркегүл Тәттімбекова, Жаңаарқа ауданының «Аналар кеңесінің» мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *