Жолдау — оң өзгерістердің бастауы

Жыл сайынғы дәстүрге сай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда түрлі ұсыныстар мен өзекті мәселелер қарастырылды. Жолдаудағы басты бағыттар мен алғышарттар көпшіліктің көңілінен шықты. Еліміздің жастары Президенттің Жолдауын болашаққа сенім артып, экономикалық, әлеуметтік және саяси реформалардың елдің дамуына оң әсер ететінін бағалайды. Әр жыл сайынғы Жолдау аясында айтылған іс пен берілген бағыт-бағдар жүзеге асатынына сенімдіміз. Мемлекет басшысы айтқандай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» үшін басты бағыт ол халқының тұрмыс тіршілігі мен әл ауқатының көтерілуі. Осы бағытта ауылда отырған ағайынның айналысатын шағын кәсіпкерлігіне қолдау жалғасын таппақ. Мемлекет басшысы өз Жолдауының түйіні ретінде бірлік бар жерде тірлік барын еске салып, ел азаматтарын отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырады.

Жанар Даукараева, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *