ЖОЛДАУ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА БАСТАУЫ 

2024 жылғы 2 қыркүйекте ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауын жариялады. Жолдау біздің қарқынды дамуымызға, өсіп-өнуімізге мүмкіндік береді. Әділетті Қазақстан құруда қоғамдық заң мен тәртіптер күшейтілді. Мемлекет басшысы экономика, денсаулық, білім және тағы басқа салалар бойынша негізгі мәселелерге тоқталды. Осы жылы еліміздің экономикасы тұрақты дамып келе жатыр. Қазіргі таңда, экономикалық өсу деңгейі сақталып, халықтың әл-ауқаты жақсарып келеді. Сонымен қатар, теміржол саласына да баса назар аударды. «Қазақстан темір жолы» компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Мемлекет басшысы бұл жоба бекітілген мерзімде іске асырылады деп мәлімдеген болатын. Осылайша, әр жыл сайын еліміз қарқынды дамып тұрса, келешек ұрпақтарымыз да аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосатынына сеніміміз мол. Еліміздің Əділетті, жемісті болуы баршамызға ортақ міндет.

Куаныш Төлеутай, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *