«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР» ЖЫЛЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар» жылы деп жариялады. Бұл қадам елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтып, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Әр азамат өз жұмысына тиянақты, адалынан атқарып, жауапкершілікпен қараса соған лайықты бағасын алады. Сонымен қатар, жастарды жұмыспен қамту және оларға қажетті қолдау көрсету – елдің ұзақ мерзімді дамуындағы маңызды басымдықтар ретінде қарастырылады. Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді. Қазіргі таңда жастарымыз жұмыс табудан қиналып жататындығы бар. Әр азамат оқуын аяқтап өз мамандығына сәйкес білікті маман иесі болуды алдарына мақсат етеді. Мемлекет басшысы ұсынып отырған бұл қағида, жастарымызға көп пайдасын тигізіп, көп мүмкіндіктерге жол ашады. Сондай-ақ, өз кәсібін жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Нәтижесінде, еліне деген құрметі мен адал еңбектің арқасында халықтың сүйіспеншілігіне бөленетіні сөзсіз.

 Арыстан Ақниет белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *