“ЖОЛДАУ – ЖАҺАНДЫҚ ДАМУДЫҢ ЖОЛЫ”

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауы мемлекет дамуының негізгі бағыттарын айқындап берді. Бұл Жолдау елдің дамуының жаңа кезеңіне өтуіне жол ашады. Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында көптеген жобаларды қолға алмақ. Жолдауда оқытушылардың жалақысын арттыру, білім сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдауды ұсынды. Мемлекет басшысы Жолдауында сапалы білім беру мәселесі басты тақырыптардың бірі болды. Президент білім беру жүйесін жетілдірудің маңыздылығын атап өтіп, Қазақстанның әлемдік деңгейдегі білім беру стандарттарына сай болуын қамтамасыз ету үшін бірқатар нақты шараларды ұсынды. Сонымен қатар, цифрландыру саласында «Электронды үкімет» платформасына жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу қажет екенін ескетті. Қазақстан жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын және цифрлық технологияларды дамытып жатқан елге айналуға тиіс. Осыған қатысты Мемлекет басшысы Үкіметке тапсырма жүктеді. Осылайша, еліміздің дамуына үлес қосып, әрі қарай болашағымызға нық сеніммен қарай аламыз.

Қуаныш Төлеутай, журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *