Жолдау – ел дамуының жаңаша жолы

Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауы осылай аталады. Ол әдеттегідей барлық басым бағыттарды қамтыды. Жолдау біздің экономикамызға және сапалы білім жағынан дамуымызға зор ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы елімізге, халқымызға пайда əкелетін түрлі жобаларды іске асыруда. Ауыл тұрғындарына өз өнімдерін өңдеуге және сатуға мүмкіндік беретін «Ауыл аманаты» жобасы басталған болатын. «Әр ауданда азаматтарға түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруді үйрететін орталық ашу қажет», деп айтты Мемлекет басшысы. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы да ұсынылды. Бұл жоба 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасауымен қатар, апатты жағдайдағы және үш ауысымды мектеп мәселелерін қарастырмақ. Осы сияқты түрлі жобалар жаңа идеялармен қуантты. Жаңа Қазақстанымыз дами берсін!
Орынғожина Сәулеғаным , «Жаңа тыныс» ҚБ төрағасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *