«Жоғары нәтиже»

6 қазанда өткен жалпыұлттық Референдум өз мәресіне жетті. ҚР Орталық Референдум комиссиясы, дауыс берудің алдын ала нәтижелерін жариялады. Алынған мәліметтерге сәйкес, референдумға қатысуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны 12 миллион 284 мың 487 адам құрады. Нәтижесінде, Референдумға дауыс беруге қатысқан азаматтар саны 7 миллион 820 мың 204 адамды құраған. Ал, оң шешуге дауыс берген азаматтардың саны 71,12% құрады. Бұл жоғары нәтижелер, әрбір азаматтың қосқан үлестері мен еліне деген үлкен сенім артуы деп білеміз. Қазіргі таңда энергия тапшылығы болғандықтан, атом энергетикасының тиімділігі мол болмақ. Елдің экономика жағынан өсуі, экологиялық таза аймаққа айналуымыз болашағымызға көп пайдасын әкеледі. Осындай нәтижелердің арқасында жаңа деңгейдің сатысында болуымыз біз үшін ортақ мақсат.

Лаула Матай, белсенді жас 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *