Біз бағындырған белестер

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті 2024 жылы 23-27 қыркүйек аралығында Астана қаласында Дүниежүзілік Сабақты
зерттеу қауымдастығының (World Association of Lesson Studies) «Сабақты зерттеу: үздік оқу мен оқытуға ұмтылу» тақырыбында халықаралық конференция өткен болатын.
Бұған дейін WALS конференциялары Сингапурда, Ұлыбританияда, Жапонияда, Малайзияда, Нидерландыда, АҚШ та, Қытайда өткізілсе, ағымдағы жылы WALS ТМД елдерінің аумағында алғаш рет Астанада ұйымдастырылып отыр.
Негізгі спикерлер ретінде Жапония, Ұлыбритания, Швеция, Австрия, Малайзия, Сингапур, АҚШ, Қытай, Нидерландыдан үздік сарапшылар мен Lesson Study зерттеушілері шақырылды.
Халықаралық конференцияға әлемнің 30 елінен 650-ден астам делегат, оның ішінде Қазақстанның білім беру ұйымдарынан 476 адам қатысты. Осы конференцияға Ақтүбек ЖББ мектеп директоры Г.С.Абдикасованың бастауымен және топ мүшелері Б.С.Кұсайынова, Г.О.Амансарина, М.Б.Кіштаев, Н.М.Қалмағамбетова «Сабақты зерттеудаму мен ілгерілеудің формуласы» тақырыбындағы жұмысы өтіп, осы конференцияға арнайы жолдама алды. Бірінші вице-министр Н.Жұмаділдаеваның арнайы хаты бойынша шақырылып, мектеп директоры Г.С.Абдикасова барып, баяндамасын қорғап қайтты. Бұл біздің мектептің ғана емес, аудан, облыс, республика деңгейіндегі үлкен жетістік деп білеміз. Халықаралық деңгейдегі конференцияға кішкентай ғана Ақтүбек ауылының мектеп ұстаздарының жетістігі үлкен мәртебе деп білеміз. Осы халықаралық конференцияға қатысқан жемісті еңбек, қызық әрі шабыт беретін пікірталас, сондай-ақ білім беру саласында бірлесіп алға жылжуға ат салысқан ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.
Сонымен қатар, барша ұстаздарды келе жатқан төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге жеміс тілеймін!

С.Р.Батталова,
Ақтүбек ЖБББ мектебінің музыка

пәнінің мұғалімі және кітапханашысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *