5 қазан — Ұстаздар күні. Ұстаздар алыпсыздар, жарықсыздар…

Қазақстанда педагогтердің кәсіби мерекесі –Мұғалімдер күні 5 қазанда атап өтіледі. Осы мерекеге орай, аудандық мәдениет үйінде ұстаздардың құрметіне мерекелік кеш ұйымдастырылды. Бүлдіршіндердің хорымен бастау алған мереке жанды жадыратып, көңілге қуаныш ұялатты.
Аудан әкімі Қанат Қожықаевтың құттықтауын аудан әкімінің орынбасары Мұрат Ибраев жеткізіп, соңы марапатқа ұласты. Марапаттар легін аудандық білім бөлімінің бастығы Махаббат Балабаева және аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының жетекшісі Оразхан Мұхамеджанов жалғастырды.

Түрлі дәрежедегі марапатқа көп жылдар еңбек еткен ұстаздар да, жас маман да, балабақша тәрбиешісі де, басшыларлар да ие болды. Құрметпен сахна төрінекөтерілгендер қатарында спорт саласында көп жетістікке жеткен Жаңаарқа ауданының ұстаздар құрама командасы болды. Білім беру саласында қаншама
уақыт тер төгіп, болашақ ұрпақтың бойына білім нәрі мен тәрбиенің дәнегін сепкен ардагер ұстаздар да әріптестеріне ақ тілектерін жаудырды.
Бұл мерекелік кештің басты ерекшелігі оқушылар да,ұстаздар да өнерін көрсетіп, бір сәт серпіліп қалды.
Еліміздің бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарында болуына ұстаздардың қосатын үлесі зор. Әлбетте бұл ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі олар ертеңгі күннің қоғамдықсаяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етеді.
Еңбектеріңіз жана берсін! Шәкірттеріңіз оза берсін! Мереке құтты болсын!

Өз тілшімізден

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *