Жолдау — ел болашағының бастауы.

Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» атты ел халқына Жолдауын жариялаған болатын. Жолдауда бірқатар өзекті мəселелер қозғалып, жүзге жуық түрлі бастамалар мен түрлі жобалар іске асырылмақ. «Әлеуметтік әмиян», «Ауыл аманаты», «Жайлы мектеп», «Ұлттық қор – балаларға», «Аманат» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» бұл жобалар еліміздің болашағы үшін көп мүмкіндіктерге жол ашатын жоба болатынына сенімдіміз. Бұл Қазақстанымыздың жаңа деңгейге шығуын көрсетеді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Негізгі мақсат – әділетті қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық ел болу» деп өзінің осы Жолдаудағы негізгі мақсатын айтып өтті. Сондай-ақ, Қазақстанымыздың жарқын болашағына бағыт-бағдар беріп, халқымыздың ынтымағын нығайту мақсатында болмақ. Біздің мақсат бірлігімізді көрсетіп, сол жолда аянбай еңбек ету.

Еркегүл Тәттімбекова,

Жаңаарқа ауданының «Аналар кеңесінің» мүшесі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *