Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. Біздің міндетіміз – бизнестің заманауи жағдайда өсуіне және дамуына көмектесу

2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялады. Биылғы жылы бағдарламалық құжат «Әділ Қазақстан: заңдылық пен тәртіп, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» тақырыбына арналды. Мемлекет басшысы негізгі бағыттармен қатар экономика секторын дамыту мен инвестициялық ахуалды жақсартуға ерекше көңіл бөлді.
«Экономикаға құйылатын инвестиция көлемінің төмендеуіне жол бермеу үшін белгілі бір бағыттағы жұмысты күшейту қажет», — деді Мемлекет басшысы. Инвестициялық ахуалды жақсарту және отандық өндіріске ден қоя отырып, бизнесті жүргізуге жағдай жасау бойынша тұрақты жұмыс жүргізу маңызды. Инвестициялар бүгінде өндірісті дамытудың негізгі факторы болып табылады. Біз осыны түсініп, шағын және орта бизнеске көмектесуіміз керек. Үкіметтің алдында 2029 жылға қарай орта бизнестің экономикадағы үлесін 15 пайызға жеткізу міндеті тұр. Әрбір кәсіпкерлік субъектісі оңай шарлау және қандай қолдау түрлері бар екенін және оларды қалай алуға болатынын білуі керек. Сонда шағын бизнес орта санатқа көшуге мүдделі болады. Бүгінгі таңда Жаңарқа ауданында 3500 жуық кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Ұлытау өңірі Кәсіпкерлер палатасының Жаңарқа ауданы бойынша филиалы кәсіпкерлерге түрлі салада кеңес беру қызметін көрсетеді. Біздің міндетіміз – бизнестің заманауи жағдайда өсуіне және дамуына көмектесу.

Бекболат ЖАРЫЛҒАПОВ,
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Жаңарқа ауданы бойынша
филиалының директоры, Жаңаарқа аудандық мәслихат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *