Отанымыздың дамуы мен өркендеуі үшін келіп дауыс бергендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді!

Иә,Иә деген жауап болады деп ойламадым.Мен қуаныштымын халқымыздың таңдауына. Энергия тұтынуы артады деп күтілуде. Көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары экологиялық тұрғыдан тиімсіз және тозығы жеткендіктен, бұл мәселені ұзақ мерзімді шешу қиынға соғуда. АЭС тұрақты және сенімді энергия көзі ретінде осы мәселені шешуде маңызды рөл атқара алады. Еліміздің барлық өңірінде Exit Poll өткізіп, 600-ден астам интервьюерлер мен супервайзерлер жұмыс атқарып, 44 160 азамат қатысқанын мәлімдеді. Сауалнама 300 дауыс беру учаскесін қамтып, экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап беріпті.Осымен жалпыұлттық референдумда өз мәресіне жетті. Бұл үлкен жауапкершілік,алдағы уақытта мамандар өз жұмысын жұмыла атқарып, еліміздің көркеуіне үлес қосады деген сенімдемін. Баршамызды осы дұрыс және тағдырлы шешіммен құттықтап, Отанымыздың дамуы мен өркендеуі үшін келіп дауыс бергендердің барлығына алғысымды білдіргім келеді!

Ізтөлеуов Дәурен Досымұлы,

Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *