Осымен көптен күткен жалпыұлттық референдумда өз сонына жетті.

Осымен көптен күткен жалпыұлттық референдумда өз сонына жетті. Халқымыздың бір ауыздай қолдағанына экзитпол нәтижесі бойынша, сауалнамаға қатысушылардың 72,3%-ы Қазақстанда атом электр станциясының құрылысымен келісемін деп жауап беріпті. Егер Қазақстанда атом электр станциясы (АЭС) салынбаса, бұл бірқатар елеулі тәуекелдерге алып келуі мүмкін. Соңғы мәліметтер мен сараптамалар негізінде еліміздегі энергетикалық сұранысы жыл сайын өсіп келеді. Елдің экономикалық дамуы мен халық санының өсуі осыған себеп болып отыр. 2030 жылға қарай елдің энергия тұтынуы шамамен 35%-ға артады деп күтілуде. Көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары экологиялық тұрғыдан тиімсіз және тозығы жеткендіктен, бұл мәселені ұзақ мерзімді шешу қиынға соғуда. АЭС тұрақты және сенімді энергия көзі ретінде осы мәселені шешуде маңызды рөл атқара алады. Отандастарымыздың дұрыс таңдау жасағанын көру қуантады. Әрбір азамат өз таңдауын келіп жасағанына мың алғыс! Елге пайдалы, халыққа қайырлы шешім болсын!
Рыспеков Жәнібек Сайлаубекұлы
Облыстық Мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *