Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты. Президент Жолдауы жаңашылдықтың бастамасы.

 

Жылдағы дәстүр бойынша еліміздің Президенті Жолдау жолдайды деген кезде, ұлттық арналарды қосып, еліміз қандай өзгерістерге бет бастайды, нендей жаңалық болады деген ниетпен отбасымызбен бірге тыңдаймыз. Бұл жолғы Жолдауда да бірталай шешілмей жатқан мәселелер көтерілді. Соларды шешудің тиімді тәсілдерін ұсынды.
Айта кетер болсам, Мемлекет басшысы әлемде энергия тапшылығының күшейіп бара жатқанына ерекше тоқталып өтіп, атом энергетикасын дамытуға баса мән беру керек екенін атап өтті. Сондықтан Қазақстан болашаққа қадам жасауы керек деді. Әрине бұл да өзгеріс, жаңашылдық шығар. Табиғи энергияның сарқылар мерзімі болады. Баламалы энергия көздері міндетті түрде қажет дер едім.
Cалық бойынша енді мәжбүрлеу шарасы азаяды. «Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн»,-деді. Бұрын азын-аулақ салық төлеуді ұмытып кетіп немесе болмашы тиын-тебен салық үшін бұғаттап тастайтын еді. Басымыздан бірнеше мәрте өткен жағдай. Енді олай жасамайтын болды. Қарапайым халыққа тиімді жағдайлар.
Ауыл әкімдерін сайлауға қатысты айтып, 2021 жылдан бері 2,5 мыңға жуық әкім сайланғанын айтты. Яғни 90 пайыз ауылдың әкімін сайлау өткен, олардың ішінде 60 пайызы бұрын мемлекеттік қызметте болмағандар деген ақпаратты келтірді. Бұл үрдіс жалғасады дейді. Өзіміздің Талдыбұлақ ауылында да осы жылы округтің әкімін халық сайлады. Әр тұрғын өз таңдауын жасады. Бұл деген халықтың өзі қалаған, осы аймақтың жасалар шаруасын алып кетер деген азаматты сеніп, өздері таңдауы халыққа тапсырылғаны жақсы игі іс.
Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз.

Бота КАРИМОВА,
Талдыбұлақ ауылдық округінің тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *