“Жолдау-ұлт болашағының негізі”

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауда түрлі ұсыныстар мен бірқатар өзекті мәселелер қозғалды. Әлеуметтік салаға, азаматтардың құқығын қорғауға, халықтың әл-ауқатын жақсартуға көптеген шара қолға алынды. Сондай-ақ, экологияға басты назар аударды. Баршамызға мәлім, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы жүріп жатыр. Акцияға 3 миллионға жуық азаматтары атсалысқан болатын. Бұл акция қоршаған ортамызға көп пайдасын тигізді. Мемлекет басшысы Жолдауда «Қазақстан темір жолы» компаниясы үш ірі инфрақұрылымдық жобаны қолға алды, яғни теміржол салып жатыр. Оның жалпы ұзындығы мың шақырымнан асады. Бұл жобалар бекітілген мерзімде және өте сапалы іске асырылуға тиіс» деп мәлімдеді. Жолдауда айтылған осы сияқты жаңа жобалар болашаққа көп мүмкіндікке жол ашатыны сөзсіз.

Қуаныш Төлеутай, белсенді жас

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *