Референдум — маңызды шара

 

  Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 2 қыркүйектегі № 636 «2024 жылғы 6 қазанда республикалық референдум өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 2024 жылғы 6 қазанға республикалық референдум тағайындалды. Осы саяси маңызды шараға Жаңаарқа ауданының дайындығы жөнніде аудандық референдум комиссиясының төрағасы Мейрам Мұқатаевпен арадағы әңгімеде өрбіді. 

 -Мейрам мырза, ауқымды шараға әзірлік қалай?

 -Конституциялық Заңның 20 бабына сәйкес референдумды дайындау мен өткізуді ҚР Орталық сайлау комиссиясы, референдумның аумақтық комиссияларының функцияларын орындайтын ҚР сайлау комиссиялары, референдумның учаскелік комиссияларының функцияларын орындайтын учаскелік сайлау комиссиялары жүзеге асырады. 

 Қолданыстағы заңнама нормалары негізінде ҚР Орталық референдум комиссиясының 2024 жылғы 3 қыркүйектегі № 38/42 қаулысымен республикалық референдумды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Аудандағы әзірлік жұмыстары осы күнтізбелік кестеге сай жүргізілуде, референдум өткізуге аудан дайын.

 -Қанша адам, қанша сайлау учаскелерінде дауыс беретін болады?

  -Аудан бойынша 19385 сайлаушы референдумға қатысады деп отырмыз. Референдумды өткізуге 1 аумақтық, 26 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс атқарады. Оларда 159 комиссия мүшелері бар. Бүгінгі таңда референдум комиссия мүшелеріне 8 оқыту семинарлары өткізілді. Референдум комиссиялары арнайы тестілеуден өтті. Қазір ауданда 12 референдум учаскелері мәдениет үйінде орналасқан, 12 мектептерде, 1 кітапхана, 1локомотив депосында орналасқан. Бұлардың барлығы қажетті оргтехникалармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

   -Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай жағдайлар жасалған? 

  -Бүгінгі күні аудан бойынша 89 мүмкіндігі шектеулі адам бар. Оның ішінде 34 адам қол арбамен жүреді, 30 адамның көру, 25 адамның есту қабілеті төмен. Дауыс беру учаскелерінде оларға қажетті барлық жағдайлар жасалған.

  -Референдум сағат нешеде басталып, нешеде аяқталады?

 -Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды дауыс беру күніне кемінде он күн қалғанда хабардар етеді. Дауыс беру күні 6 қазанда 2024 жылы сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Дауыс беру қорытындылары Орталық референдум комиссиясының отырысында шығарылады.

  -Әңгімеңізге рахмет !

 Сұхбаттасқан Салтанат Балтабайқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *