«Дамудың жаңа сатысы болмақ»

Атом электр станциясын салу елімізде айрықша орын алып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС салу мәселесіне қатысты Референдум 6 қазан күні өтетінін белгілеген болатын. Дәл қазір батыл шешім қабылдайтын уақыт. АЭС құрылысы экология жағынан ешқандай зияны жоқ жоба. Оның қандай пайда әкелетініне көз жеткізсек. Жалпы, АЭС құрылысының артықшылығы экономика жағынан даму үстінде болмақ. Сондай-ақ, мыңдаған жаңа жұмыс орындары ашылып, инфрақұрылымды дамытуды ынталандырады және инновацияларды қолдайды. Сонымен қатар, энергия жағынан қамтамасыз етіп, көмірге тәуелділікті азайтады. Нәтижесінде, еліміздегі бірқатар мәселелер қарастылып, бірқалыпты жаңа жүйеге орналасады. Қазақстан үшін дамудың жаңа сатысы болатынына сенімдімін.

Сейткамалова

Мақпал Камбаровна, әнші

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *