“АЭС—тұрақты энергия көз”
Елімізде атом электр стансасын салу жаһандық мәселеге айналып отыр. Осыған қатысты қоғамдық пікірлер екіге жарылды. Бірі қолдаса, екіншісі бұл жөнінде қарсылықтарын білдіруде. Жалпы, АЭС құрылысы таза, тұрақты энергия көзі болып табылады. Қазіргі таңда болып жатқан өзекті мәселелердің шешімі болып табылмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай «Халық үніне құлақ асатын мемлекет». Осындай маңызды қадамды 6 қазан күні болатын жалпыұлттық Рефендумда халық өз таңдауларын жасайды. Бүгінгі таңда дамушы 31 мемлекет атом электр стансасын пайдаланады. Бұл технологияның қауіпсіздігін растайды. Қазақстанда атом энергетикасын енгізу бұл – экологиялық таза энергетикаға ғана емес, елдің экономикалық өркендеуіне де маңызды қадам.
Ізтөлеуов Дәурен Досымұлы, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты