“АЭС-тің пайдасы орасан”
Атом электр стансасын салу елімізде айрықша орын алып, қоғаммен кеңесе отырып шешілетін мәселеге айналып отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда айтып кеткендей АЭС салу мəселесі бойынша референдум 6 қазанда өтеді деп жариялады. Қазіргі уақытта атом электр стансасын салу жайында қызу талқыға түсуде. Бірі қолдаса, екіншісі мүлдем қарсы. Бүгінгідей дамыған заманда электр энергиясының маңызы зор. Сондай-ақ, барлық қажеттілігіміз осы энергия көзіне тәуелді болғанын ескерсек , АЭС-ның салынуы қажет деп білеміз. Қазіргі таңда энергия көзінің тапшылығы дәлелденуде, сол себепті елімізде атом электр стансасының салынуы мемлекетіміздің дамуына септігін тигізетіні анық.
Жарылғапов Бекболат Ерболатұлы, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты