«Атом энергетикасы отандық ғылымның дамуына зор серпін»

 


Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында АЭС-тың салынуы жайлы шешім, халық дауысы арқылы анықталатынын мәлімдеген болатын. Бұл еліміз үшін өте өзекті мәселе. Атом энергетикасы отандық ғылымның дамуына зор серпін бермек. Қарап отырсақ, бұл саланың еліміз үшін тиімді тұсы өте көп.Атом электр станциясы мыңдаған адам үшін жұмыс орны болып табылмақ. Мамандардың айтуынша, бір АЭС салу үшін кемінде 8-10 мың адам құрылысқа тартылады. Іске қосылған кезде ғылыми қызметкерлерді қоса алғанда, екі мың азамат тұрақты еңбек етеді. Ең негізгісі, орын алып отырған мәселе – электр қуатының аздығын жоймақ. Әрі қуат көзін өзге мемлекеттерден тасымалдамай, өзіміздің энергетика саласындағы тәуелсіздігімізді де бекемдей түсері анық.

Түсіпов Амангелді Бақышұлы, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *