«Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайды»

Елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық. Қазіргі таңда елімізде энергия тапшылығы күрт өзгеруде. АЭС құрылысы біз үшін, болашағымыз үшін пайдасын әкелетіні сөзсіз. Мемлекет басшысы «Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек» деп мәлімдеді. Сондықтан, АЭС мәселесін уақтылы және тиімді шешу Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігі мен экологиялық тұрақтылығы үшін маңызды болмақ.

#2024Референду

Исина Айгүл Үмбетжановна, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *