«АЭС-сенімді және экологиялық таза қуат көзі»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында- АЭС салу бойынша жалпыұлттық референдум өтетінін мәлімдеп, Жарлыққа қол қойды. Қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Ғалымдардың пікірінше мұндай сұранысты тек атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 415 атом электр стансасы жұмыс істеп тұр.

Мемлекет басшысының АЭС салу бойынша жасап жатқан осы бір қадамы бәріміз үшін маңызды, оң шешім деп қабылдаймын. Барша қазақстандықтарды қоғамда резонанс туындатып тұрған АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдум аясында дұрыс пікірде болып, 6 қазан белсенді түрде қатысуға шақырамын!

Арунов Мақсат Әнуарұлы, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *