Еліміздің әрбір азаматының таңдауы маңызды

Атом электр стансасын салу елімізде айрықша орын алып, қоғаммен кеңесе отырып шешілетін мәселе. Атом электр стансасын салу жайында қазіргі уақытта қызу талқылануда. Бірі қолдаса, екіншісі мүлдем қарсы. Сондықтан, еліміздің әрбір азаматының таңдауы маңызды. Бүгінгідей дамыған заманда электр энергиясының маңызы зор екендігі мәлім. Барлық қажеттілігіміз осы энергия көзіне тәуелді болғанын ескерсек , АЭС-ның салынуы қажет деп білеміз. Қазақстанның даму жолында қандай да бір қажеттілік туындаған жағдайда бұл шешім оң жақтан болу керек. Қазіргі таңда энергия көзінің тапшылығы дәлелденуде, сол себепті елімізде атом электр стансасының салынуы мемлекетіміздің дамуына мол септігін тигізеді.

Сейпішов Қайсар Амангелдіұлы, Жаңаарқа ауданының мәслихат депутаты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *