Жолдау — ел өркендеуінің басты құжаты АЭС – болашақтың энергиясы

6 қазан күні Республикалық референдум өтетіні белгілі. Болашақтың энергиясы атом электр стансасын салуға байланысты бұл референдумға баршамыздың атсалысқа нымыз абзал. Әрқайыссымыздың дауысымыз маңызды. Қарсылық танытсақ та, құптасақ та ерік өзімізде. Аудан көлемінде шамалы уақытқа жарық өшсе жапатармағай шулап жатамыз. Техника дамып, технология өркендеген қазіргі таңда энергияға тәуелділігіміз арта түскен. Жарықсыз болашақты елестету де мүмкін емес. Энергия қажет-ақ. Оның жетпей жатқаны, энергия үшін қыруар қаржы жұмсап жатқанымыз да ақиқат. Жарықсыз күн жоқ екенін жақсы түсінеміз. АЭС — болашақтың энергиясы.

Қазақстанда атом энергетикасын дамыту: көміртексіз энергия өндірісіне көшу жағдайында елдің   индустриялық   экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге; өнеркәсіптің жалпы технологиялық деңгейін арттыруға; елді тиімді индустрияландыруға, шикізат бағыттылықтан арылуға, білім экономикасын  дамытуға негіз жасауға, атом өнеркәсібі және энергетикасын, сондай-ақ атом энергиясын  бейбіт мақсатта пайдаланудың басқа да бағыттарын (ядролық медицина, өнеркәсіптегі, ғылымдағы ядролық технологиялар) одан әрі дамыту үшін ынталандыруға мүмкіндік береді.Дүйсенбі 16 қыркүйек күні АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штабының жетекшісі, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, «АМАНАТ» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Аманжол Әлтай ауданымызға арнайы келді. Аудандық мәслихаттың төрағасы Юржан Асанұлы Бекқожин, «Аманат» партиясы аудандық филиалының төрағасы Амангелді Бақышұлы Түсіпов, Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттары Жәнібек Рысбеков, аудандық мәслихат депутаттары Дәурен Ізтөлеуов, Оралбай Молдабеков, Райхан Смағұлова, Мердан Атамұрат №1 мектеп-лицейінде «Тазасу» мекемесі, «Қазақтелеком» мекемесі, теміржол саласына қарасты мекемелердің жұмыскерлері жиналған кездесуге және ауданымыздағы ірі мекемелердің бірі «КазтрансОйл» кешенінде жұмыскерлермен кездесуге қатысты.
Қазақстанда АЭС салу қажеттілігі жайлы баяндаған Аманжол Әлтайға кездесуге қатысқан жұмыскерлер сұрақтар қойды. АЭС-тің орналасатын жері мен оның құрылыс мерзімі, АЭС қауіпсіздігі, АЭС-на арналған су ресурстары жайлы толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салып, тұщымды жауап алып тарқасты.

Салтанат АМАНҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *